ABCpoll / ABCpoll Kazakhstan
Ақылы сауалнамалар деген не?
Ақылы сауалнамалар – өз пікірі үшін сыйақы алатын тауар немесе қызмет тұтынушылары өтетін сауалнамалар. Түрлі компаниялардың тауарлары мен қызметтерінің өрлеу мәселесі оған деген тұтынушылардың көзқарасымен тікелей байланысты болғандықтан, компания даму бағытын анықтау үшін маркетингтік зерттеу жүргізуге тапсырыс береді. Мысалы, ірімшік шығаратын компанияға қаптаманың жаңа дизайнын тестілеуден өткізу қажет, және сол үшін ол ірімшік тұтынушыларына зерттеу жүргізуге тапсырыс береді. Бұл тапсырманы орындау үшін сауалнаманы Интернетте жүргізу әлдеқайда ыңғайлы, өйткені сауалнаманы өте қысқа мерзімде жүргізіп, тұтынушылардан көшеде немесе телефон арқылы сұхбат алуға қарағанда тапсырыс беруші сауалнама нәтижесіне тез қол жеткізе алады.
Ақылы сауалнамада қалай табыс табуға болады?
Ақылы сауалнамадан өту үшін тіркеуден өтіп, жеке кабинетте өз бейініңізді барынша толық толтыруыңыз қажет. Панелист бейінінен алынған мәліметтер негізінде Cint компаниясы Сізге ыңғайлы ақылы сауалнамалар іздеп, тіркелу кезінде көрсетілген электрондық поштаға шақыру хатын тарататын болады. Шақыру хатын алған соң Сіз барлық сұрақтарға шынайы жауап қатып, сауалнамадан өтуіңіз керек. Толықтай өткен сауалнама үшін Сіздің жеке кабинетіңіздегі шотқа төлем төленеді. Жеке кабинетте Сіз өзіңіз өткен барлық сауалнамалар үшін төленген төлемдердің күні мен мөлшерін бақылап отыра аласыз.
|