ABCpoll / ABCpoll Kazakhstan / Тіркеу
Тіркеу ABCpoll Kazakhstan
ABCpoll жобасына қатысу
ABCpoll жобасында 14 жастан асқан ерлер мен әйелдер тіркеле алады. ABCpoll жобасына тіркелген кезде Сіз өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді Cint AB компаниясына бересіз, компания сіздің жеке мәліметтеріңіздің қорғалуына байланысты заңның (Құпиялық және Пайдаланушы келісімі саясаты) барлық талаптарын орындауға кепілдік береді. Сізге Cint AB компаниясынан ABCpoll жобасында тіркелген электронды поштаңызға ешқандай спам немесе жарнама келіп түспейді.
Панелисттердің жеке мәліметтері олардың келісімінсіз өзге біреулерге берілмейді. Ақылы сауалнама жүргізген кезде алынған панелисттердің жауаптары олардың жеке мәліметтеріне немесе өзге ID тіркелмейді, және тек қана басқа панелисттерден алынған жауаптармен бірге талданады.
ABCpoll жобасында тіркелу арқылы Сіз өзіңіз туралы шындыққа сәйкес келетін ақпаратты беруге келісім бересіз, ал ақылы сауалнаманы адал ниетпен сапалы түрде толтырасыз. Cint AB компаниясы ақылы сауалнама жүйесіндегі Сіздің аккаунтыңызды жойып, шотыңызды нөлге теңестіре алады, егер:
— панелист Cint жүйесінде басқа логиндермен басқа электрондық пошта жәшіктерін қолдану арқылы тіркелетін болса;
— панелист тіркелу кезінде сұрақ қою сауалнамасын сапасыз толтырса, яғни түсініксіз немесе мағынасыз жауаптар берсе;
— панелист ақылы сауалнаманы нашар толтырса, яғни оның жауаптары уақыттық және логикалық толтыру бақылауынан өтпесе.
Егер ABCpoll жобасының қатысушысы жарты жыл бойына қатарынан шақыру хаттарымен келген сілтемелерді ашып ақылы сауалнамаға өтпесе және жеке кабинетіне кірмесе, оның тіркелу мәртебесі «ұйқы тәртібіне» өтіп, браз уақыт өткен соң оның аккаунты Cint жүйесінен толық жойылуы мүмкін.
Ақылы сауалнаманы толтыру
Ақылы сауалнамаға шақыру хаттары тіркеліп бола салысымен, кейде біраз уақыт өткен соң келуі мүмкін. Ақылы сауалнамаға шақыру жиілігін арттыру үшін ABCpoll жобасының қатысушысына тіркелу кезінде жеке кабинетте өз бейінін барынша толықтай толтыруы қажет. Ақылы сауалнамаға бірінші болып нақты сауалнамаға сәйкес келетіндер шақырылады (мысалы, егер панелист автомобилінің бар екенін көрсетсе, оның автомобиль тақырыбына байланысты жүргізілетін сауалнамаға шақыру жиілігі автомобилі бар бола тұра оны өз бейінінде көрсетпегендерге қарағанда жоғары болады).
Шақыру хаттарының мазмұнында қашанда ақылы сауалнама құны мен сұрақ қоюдың минуттық орташа ұзақтығы көрсетіледі. Егер панелист сауалнаманы толықтай толтырса ғана сауалнамаға сыйақы есептеледі. Егер панелист қандай да бір себеппен сауалнамаға сәйкес келмесе (мысалы, панелист сауалнаманың мақсаттық тобына сәйкес келмесе; панелист тобының квотасы толық жиналған болса), мұндай жағдайда сыйақы есептелмейді.
Түрлі сауалнамаларға сәйкес панелисттердің жауаптарының жинағы 1 күннен бір айға дейін созылуы мүмкін, бұл жауаптар саны мен нақты зерттелетін тапсырмаға байланысты. Жауаптардың қажетті санына қол жеткен соң ақылы сауалнама жабылады, сонан соң шақыру хаттарындағы сілтемелер жұмыс істемейді. Сондықтан сауалнамаға қатысып, сыйақы алу үшін шақыру хатты алған соң бірден сауалнаманы толтыруға кірісу қажет.
Сыйақы алу
Толықтай өткен әрбір ақылы сауалнама үшін ABCpoll қатысушысы сыйақы алады. Алынған сыйақының жалпы сомасы және барлық өткен ақылы сауалнамалар туралы талдауды жеке кабинеттегі «Менің шотым» бөлімінен көруге болады.
Қаражатты шығаратын минималды сомаға жеткен соң панелист өзінің жеке кабинетінен ақшаны алуға тапсырыс бере алады. Барлық төлемдер Cint AB компаниясымен ортақ түрде қажаратты шығаруға тапсырыс берілген айдан кейінгі айда төленеді (мысалы, егер панелист қаражатты шығаруға сәуір айында тапсырыс берсе, онда қаражат мамыр айының ішінде аударылады).
|